Еуро-2020: Финляндия - Бельгия және тағы үш матчке тікелей трансляция

Сурет: globallookpress.com

Бүгін, 21-маусымда футболдан Еуропа чемпионаты үшінші турының кезекті матчтері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін Солтүстік Македония - Нидерланды (22:00), Украина - Аустрия (22:00), Ресей - Дания (01:00) және Финляндия - Бельгия (01:00) ойындары өтеді.

Бірінші және төртінші кездесуді Qazsport арнасы көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. Ал қалған матчтерді Qazaqstan арнасынан тамашалауға болады.

Мұның алдында Италия құрамасы Уэльсті ұтты (1:0), ал Швейцария командасы Түркиядан басым болды (3:1).