Еуро-2020 фавориті үшінші ойында жеңіске жетті

сурет: globallookpress

В тобының көшбасшысы кезекті кездесуінде жеңіске жетті. Роберто Мартинес баптайтын бельгиялықтар үшінші турда Финляндия құрамасымен өзара мықтыны анықтаған.

Бірінші таймда есеп ашылмаса, үзілістен кейін "Газпром Аренаға" жиналған 18545 жанкүйер екі голдың куәсі болды. Алдымен 74 минутта қақпашы Лукаш Градецкидің қателігінен гол өтіп кетсе, Ромелу Лукаку 81 минутта есепті еселеді.

Нәтижесінде Бельгия командасы топтағы үш ойынның барлығында жеңіске жетті. Биылғы турнирде футбол мамандары Бельгияны жарысты ұтып алатын басты үміткерлердің қатарына қосып отыр. 

Метки:
Жаңалықтар