Футбол
22 маусым 2021 00:40

Еуро-2020 дебютанты жарысты соңғы орында аяқтады

сурет: globallookpress

Солтүстік Македония құрамасы Еуропа чемпионатындағы жарысын аяқтады. Төртжылдықтың басты додасына тарихында тұңғыш рет жолдама алған команда С тобындағы үшінші кездесуін Нидерландыға қарсы өткізіп, 0:3 есебімен есе жіберді.

Топтағы үш матчта өз қақпасына 8 гол өткізсе, қарсылас қақпасына 2 рет гол соққан македониялықтардың аталмыш жарысқа қатысуының өзі үлкен жетістік. Сондай-ақ, команданың басты жұлдызы Горан Пандев құрамадағы карьерасын аяқтайтынын алдын ала хабарлаған болатын. Ол өз құрамасында 122 матчта алаңға шығып 38 гол соққан. Осы орайда голландиялықтар Пандевке ойын алдында өз елінің жейдесін сыйға тартты.