Еуро-2020: Чехия - Дания және Украина - Англия ойындарына тікелей трансляция

Сурет: CoStar

Бүгін, 3-шілде футболдан Еуропа чемпионаты 1/4 финалының қалған матчтері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін Чехия - Дания (Баку, басталуы Қазақстан уақытымен 22:00) және Украина - Англия (Рим, 01:00) матчтері өтеді.

Ойындарды Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді. Сондай-ақ, кездесулерді Qazaqstan арнасынан да тамашалауға болады.

Бұл ойындардың жеңімпаздары 7-шілде Лондонда жартылай финалда кездеседі. Одан бір күн бұрын жартылай финалдық өзге ойында Италия мен Испания кездеседі.

Еске салайық, 1/4 финалда италиялықтар Бельгияны ұтты (2:1), ал испаниялықтар пенальти сериясында Швейцариядан басым түсті (1:1, 3:1).

 

Метки:
Жаңалықтар