Қытайлық қақпашы Ерзат Ержет жақын арада өз отанына қайтатын болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 28 жастағы қақпашы "Астана" командасында бақылауда болып, бірақ клубпен келісімшарт жасамады.
Қытай жерінде дүниеге келген қазақ қақпашысы бақылау кезінде бапкерлердің көңілінен шыққан. Бірақ командада басшылық ауысқаннан кейін ол келісімшарт жасай алмай қалды.
Голкиперді командаға негізі Давид Лория алғысы келген. Алайда жуырда ол қызметінен босатылды. Ал "Астананың" жаңа басшылары Ержетті командада қалдырудан бас тартқан.
Айта кетейік, Ерзат Ержет "Астанаға" ауысып, Қазақстан азаматтығын алуға да ниетті болған.
Ержет Қытайда дүниеге келіп, сол жақта өскен. Карьерасын "Синьцзян Гранд Бегония" командасында бастаған. Кейін Португалияның үшінші дивизионында өнер көрсететін "Гондомар" сапына ауысқан. Сонымен қатар, қақпашы "Пассуш де Феррейра", "Лейшоэш" және "Салгейруш" командаларында ойнаған. 2019 ол қытайлық "Чунцин Лифанем" клубымен келісімшарт жасап, бес ойынға қатысқан. Қытайдың 23 жасқа дейінгі құрамасына бірнеше рет шақырту алған.