Футбол
Бүгін 22:03
 

"Ессіздік". Зинедин Зидан Франция құрамасындағы жұмысы жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Ессіздік". Зинедин Зидан Франция құрамасындағы жұмысы жайлы ©instagram.com/equipedefrance

Франция құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан ұлттық құрамадағы жұмысын мадридтік "Реалдағы" кезеңімен салыстырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Франция құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан ұлттық құрамадағы жұмысын мадридтік "Реалдағы" кезеңімен салыстырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Зидан ұлттық құрамадағы жоғары талаптарды атап өтті

Маманның айтуынша, Франция құрамасында ол мадридтік клубта жұмыс істеген кезіндегідей жоғары талап пен қысымға тап болып отыр.

"Франция құрамасында да дәл сондай "ессіздік" бар. Бұл командада "Реалдағыдай" жоғары талап қойылады. Бұл - ең жоғары деңгей. Мен "Реалда" болған кезде бұл қарқын бір минутқа да бәсеңдеген жоқ. Бірақ бұл маған ұнайтын. Қазір мен басқа рөлдемін", - деп келтіреді Зиданның сөзін The Touchline.

Зидан "Реалды" екі кезеңде басқарды - 2016 жылғы қаңтардан 2018 жылғы мамырға дейін және 2019 жылғы наурыздан 2021 жылғы мамырға дейін. Осы уақыт аралығында франциялық маман мадридтік клубты Испания чемпионатында екі рет жеңіске жеткізіп, командасымен Чемпиондар лигасын үш рет жеңіп алды.

Франция Бельгиямен матчқа дайындалуда

Дүйсенбі, 5 қазанда Франция құрамасы Ұлттар лигасы аясында өз алаңында Бельгиямен ойнайды. Еске салайық, бірінші айналымда Зидан шәкірттері сырт алаңда "қызыл сойқандарды" минимал есеппен жеңген болатын.

Үш турдан кейін "үш түсті" команда 7 ұпай жинап, А тобында бірінші орында келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!