Ессіздік. Бүкіл команда төрешіні жабылып ұрды
©Видеодан жасалған скрин
Аргентиналық төреші Эдуардо Пасториноны бүкіл команда жабылып сабаған, деп хабарлайды "Матч ТВ" өзінің телеграм арнасында. Оқиға Кордова аймағындағы әуесқой турнир кезінде болған.
Аргентиналық төреші Эдуардо Пасториноны бүкіл команда жабылып сабаған, деп хабарлайды "Матч ТВ" өзінің телеграм арнасында. Оқиға Кордова аймағындағы әуесқой турнир кезінде болған.
"Ла Пуэрта" футболшылары мен жанкүйерлері пенальтиден ұтыла салысымен төрешіге тап берген.
Ер адамды арашаламақ болған лига президенті де бірнеше соққы алған екен. Ер адамдар қазір ауруханада, ал полиция оқиға бойынша тергеу бастады.
Жарнама