ESPN комментаторы Еуропа чемпионатын кім ұтатынын айтты

Сурет: УЕФА

ESPN және Sky арналарынадағы матчтердің комментаторы әрі шолушы Эндрю Бисли Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында футболдан Еуропа чемпионаты плей-офф кезеңінің бірінші раундына қорытынды жасады. 

"Бұл тарихтағы өзгеше бір Еуроның бірі. Форматы басқаша, осының өзі нәтижеге әсер етті. Басты сенсацияның бірі Францияның шығып қалуы. Енді турнир кестесі Англия үшін ыңайлы, ол плей-оффқа шығу үшін Укаринамен ойнайды. Ары қарай Чехия - Дания жұбының жеңімпазымен. Мықты командалар, бірақ, деңгейі төмендеу. Шешуші матчтер Англияда өтеді. Бұл құрлықтық турнирді ұтып алуға ең оңтайлы сәт болар. Обьективті қарасаң, Англияда басымдық бар. Оның қарсыласы финалда ауыр атчтардан кейін шаршаңқы болады. Өйткені турнирдің екінші кестесінде грандтар жиналған", - дейді Бисли. 

Еске салайық, 2-шілде Қазақстан уақытымен 22:00-де Швейцария мен Испания, 3-шілде 01:00-де Бельгия мен Италия, 22:00-де Чехия мен Дания, ал 4 шілде 01:00-де Украина мен Англия ойнайды.

 

Метки: