ESPN және Sky комментаторы "Астана" - "МЮ" матчіне болжамын жасады

© "Астана" ФК
ESPN және Sky Sports телеарналарында Англия премьер-лигасының шолуышы әрі комментаторы Эндрю Бисли Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында "Астанада" Еуропа лигасындағы "Манчестер Юнайдетпен" матчте жеңуге мүмкіндігі бар екенін айтады. 

"Алдағы матч "МЮ" командасының болашақ көшбасшылары үшін оңай сын болмайды. Сульшер қосалқы ойыншыларын із жүзінде сынап көрейін деді. Жас футболшылар асқан қызығушылықпен ойнайды деген ойдамын. "Астанамен" бірінші матчте нәтиже көрсеткен осы жастар. Ал бұл жолы бәрі олардың қолында. Қолайсыз жағдайда, осал емес қарсылас - қосалқы ойыншылар мүмкіндігін байқаудың тамаша орайы. 

"МЮ" жеңіске ғана ойнайтынына сенімдімін. Екінші жағынан, "Астана" үшін маусым аяқталды. Команда мүмкіндігі де керемет емес. Дегенмен еурокубоктардағы өз алаңындағы соңғы ойынға команда бар күшін салады. Нәтижелі және тамаша ойын күтемін", - дейді Бисли. 
Жаңалықтар