Футбол
27 желтоқсан 2019 10:18

"Есіңнен адастың ба". Месси үшін "Манчестер Ситидің" 80 миллион ұсынғаны туралы қызықты оқиға

© Eurosport
"Манчестер Сити" клубының бұрынғы атқарушы директоры Гарри Кук 2008 жылғы күлкілі оқиғаны айтып берді. Олкезде команда басшылығы қателесіп, "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессидің трансферіне қатысты келісөздер жүргізген екен, - деп хабарлайды "Чемпионат". Англиялықтар "Барсаға" аргентиналық футболшы үшін түсінбестіктен 70 миллион фунт (80 миллион еуродай) ұсынған. 

"Лондонда телефон арқылы конференция өткізіп жатқанбыз. Паирой Пьемпосанның қаны қайнай бастады. Телефон үстелде жатқан. Бұрын "Вэст Хэммен" жұмыс істеген Пол Олдриджбен сөйлесіп жатқан. 

Елестетіңізші: Пол лондондық акцентпен айтқаны: "Паирой, не істеп жатқанымызды айтуың керек, бұл біздің бақылауымыздан шығып барады".

Паирой ол кезде массаж жасатып жатқан. Сосын ол: "Иә, иә, иә! Былық боп кетті, былық (ағылшынша - Messy, it’s getting messy. - редакция ескермесі). Аудару кезінде қателік кетіп, біздің есітгеніміз: "Бізге Мессиді алу керек".

Сосын Пол маған келіп айтқаны: "Гарри, есім шығып кетті, мұнда не істеп жүргенімізді білмеймін". Мен айттым: "Ұсыныс жасаңыз. Не боларын көрейік?".

Келесі күні маған премьер-лигадағы Дэйв Ричардс звондап айтқаны: "Гарри, сен Лионель Месси бойынша ұсыныс жасадың ба? 70 миллион фунт? Есіңнен адастың ба?"

Оның сөзінше, оған "Барселонадан" қоңырау шалып, бұл қаншалықты салмақты ұсыныс екенін сұраған. Олар Дэйвке, мұндай болса, бірнеше апта бұрын келісім жасайтын едік қой деген екен", - дейді Кук.