Футбол
26 желтоқсан 2021 14:06
 

Ескендір Қыбырайдың қай командаға ауысатыны белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Ескендір Қыбырайдың қай командаға ауысатыны белгілі болды ©"Шахтер" ФК

"Шахтер" клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ескендір Қыбырай "Ақтөбеге" ауысты. Келісімшарт мерзімі екі жылға жасалған, деп жазады Meta-ratings.kz порталы. 

blog.share

"Шахтер" клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ескендір Қыбырай "Ақтөбеге" ауысты. Келісімшарт мерзімі екі жылға жасалған, деп жазады Meta-ratings.kz порталы. 

Қыбырай өткен маусымда "Шахтер" үшін 34 кездесу өткізіп, бір гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды. Сондай-ақ, алғаш рет Қазақстан құрамасына шақырту алды.

Маусым соңында Ескендірдің қарағандылық клубпен келісімшарты аяқталды. Қос тарап нақты мәмілеге келе алмағандықтан, 24 жастағы футболшы командасын ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Қыбырай - "Қайрат" академиясының түлегі. Қорғаушы 2019 жылы "Жетісу" командасына ауысып, талдықорғандық клубта екі маусым өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Владимир Мұханов баптайтын "Ақтөбе" клубы Рамазан Оразов және Дмитрий Шомкомен келісімшарт мерзімін ұзартып, Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесовті қатарға қосқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!