Футбол
Бүгін 09:30

Ешкім айтуға батпайтын Роналду туралы шындықты "Әл-Наср" ойыншысы айтты

©depositphotos.com/vitaliivitleo

Саудиялық "Әл-Насрдың" бұрынғы футболшысы Хусейн әл-Сулеймани клубтың жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналдуға қатысты өткір сын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұрынғы ойыншының пікірінше, португалиялық футболшы енді команданың ойынына ықпал ете алмайды, тіпті оның дамуына кедергі келтіріп жүр.

"Роналду – ұлы футболшы, бірақ ол енді ойын тағдырын шеше алмайды. "Әл-Насрға" алаңда 90 минут бойы жай ғана жүретін емес, гол соғатын сәттерді өзі жасай алатын шабуылшы керек. Роналдудың жанкүйерлерінен қорқақтайтындықтан мұны ешкім ашық айтуға батпайды, алайда, ол "Әл-Насрға" кедергі келтіріп жүр", – деп береді әл-Сулеманидің сөзін Kooora басылымы.

Роналду 2023 жылдан бері "Әл-Наср" сапында өнер көрсетіп келеді. Осы маусымда 41 жастағы португалиялық футболшы барлық турнирде 13 матчқа қатысып, 10 гол соқты. Шабуылшының саудиялық клубпен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport