"Ешқашан қарсылас деп есептеген емеспін". Роналду Мессиге қатысты шындықты ашық айтты

10 желтоқсан 2020 11:00
Сурет: Reuters

Италиялық "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду "Барселона" форварды Лионель Мессиді қарсылас ретінде есептемейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, футболшылар Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 6-турында кездескен. Матчта туриндіктер клуб 3:0 есебімен ұтты. Бұл ойында Криштиану Роналду пенальтиден 2 рет гол салды.

"Біз 12-13 жыл бойы түрлі марапаттау рәсімдеріне бірге қатысып келеміз. Мен оны ешқашан қарсылас деп есептеген емеспін. Араға от салатын БАҚ. Екеуміздің қарым-қатынасымыз жақсы. Мұны сіз Леодан сұрасаңыз, ол да осындай жауап қайтарады", - дейді Роналду.