"Ешкі көргенімізге қуаныштымыз". "Барселона" ЧЛ-де ұтылған "Ювентусті" тілмен шақты

Сурет: Sportbox
Испанялық "Барселона" Чемпиондар лигасы матчінде ұтылған "Ювентусты" сөзбен түйреді,- деп хабарлайды "Чемпионат".

Туринде өткен кездесу 2:0 есебімен каталондықтар пайдасына аяқталды. Бұл ойында Месси нәтижелі пас берді және гол салды. Ал Криштиану Роналду карантинге қатысты ойынға қатыса алмады. 

"Алаңдарыңызда ешкіні көргенімізге қуаныштымыз", - деп жазыпты "Барселона" жануардың смайлигін қойып. 

Ағылшын тілінен ешкі - GOAT сөзі The Greatest of All Times дегеннің аббревиатурасы - бүкіл замандағы ең ұлы дегенді білдіреді. Осылайша, "Барса" Мессиді меңзеген сияқты.
Жаңалықтар