Украиналық футболшы Адеринсола Эсеола "Қайрат" командасымен қоштасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
30 жастағы футболшы карьерасын украиналық "Ворскла" сапында жалғастырады. Алматылық команда оның ауысатыны жайлы 2-шілдеде хабарлаған.
"Матч алдында ұшып келіп, төбемізде айналып жүретін бүркітті ешқашан ұмытпаймын! Шешінетін орыннан шыққандағы таулардың көрініп тұратынын ұтыпаймын. Жігіттерге айтқым келеді: "Сендерді жақсы көремін! Осы бір үлкен клуб футболкасын кигенімді мақтан тұтамын", - деп береді футболшының сөзін алматылық клубтың баспасөз қызметі.
Еске салайық, полтавалық клуб өткен маусымды 14 команда арасында бесінші болып аяқтады. Эсеола "Қайрат" сапында 2018 жылдан бастап ойнап, барлық матчте 38 гол салған.