"Ертіс" сербиялық шабуылшыны сапына қосты

© "Ертіс" ФК
Павлодарлық "Ертіс" ресми сайтында сербиялық шабуылшы Деян Георгиевичпен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді.

25 жастағы Георгиевич кәсіпқой карьерасын "Земун" футбол командасында бастады (Сербия). Сонымен қатар, форвард "Телеоптик", "Спартак Суботица", "Инджия", "Вождовац" сияқты сербиялық және венгериялық "Ференцварош" сапында болған.

Шабулшы ойнаған соңғы клуб сербиялық "Партизан" болатын.

17 тур қорытындысы бойынша "Ертіс" 14 ұпаймен ҚПЛ турнир кестесінде тоғызынша келеді. 
Жаңалықтар