"Ертіс" сапынан команданың жартысынан көбі кетіп қалған

Сурет: "Ертіс" ФК
Биылғы ҚПЛ-ге қатыспайтын "Ертіс" сапынан осы маусымда ойнайды деген 24 футболшының он үші команда сапынан кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz Transfermarkt мәліметіне сүйеніп. 

Олар Сергей Черник, Марко Томич, Милош Стаменкович, Андрей Хрипков, Валерий Почивалин, Руслан Мингазов, Пабло Подио, Боян Санкович, Карлос Фонсека, Кристиан Добрас, Максим Житнев, Леван Куталия және Изат Құлжанов. Бұл футболшылардың жалпы трансферлік құны 4,3 миллион еуро.

Олардың арасындағы ең қымбаты 28 жастағы түркіменстандық вингер Мингазов - 525 мың еуро.

Құрамы ең қымбат командалар рейтингі мынадай болған: "Астана" - 23,13 миллион еуро, "Қайрат" - 18,83, "Тобыл" - 12,45, "Ордабасы" - 12,4, "Қайсар" - 9,1, "Жетісу" - 8,23, "Шахтер" - 7,53, "Каспий" - 6,95, "Ертіс" - 6,72, "Қызыл-Жар СК" - 6,45, "Оқжетпес" -  6,25, "Тараз" - 5,45.