"Ертіс" ресейлік мықты бомбардирмен құрамын күшейтті

© nsknews.info
Павлодарлық "Ертіс" 29 жастағы ресейлік форвард Максим Житнёвті сапына алды, - деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Кемерово облысында дүниеге келген Житнёв карьерасын туған Белово қаласында бастады - "Миф" ФК. Кейін мәскеулік "Спартактан" шақырту алып, жастар командасында ойнады.

Осыдан кейін ол "Распадская", "Сибирь" және "Кубань" сапында өнер көрсетті. 2015 жылғы маусымда Ресейдің екінші дивизионында 16 гол соғып, үздік бомбардир болған.

Футболшы өтткен маусымда "Томь" үшін ойнады. Футболшы 18 матчте төрт гол салды және нәтижелі бір пас берді.