"Ертіс" өзінің мықты ойыншысы және тағы төрт футболшымен келісімшартты ұзартты

Карлос Фонсека. Сурет: Владимира Бугаев©
"Ертіс" бес футболшымен келісімшарт ұзартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt мәліметінше, португалиялық Карлос Фонсека, серб Милош Стаменкович және қазақстандық Дмитрий Шмидт, Арман Кенесов пен Александр Заруцкий клубта тағы бір жыл ойнауға келісті.

Бұл футболшылар арасында ең көп ойнаған Фонсека - ҚПЛ-дің биылғы маусымында 25 матч, екі гол салды және екі нәтижелі пас берді. Сонымен бірге, португалиялық командадағы үздік футболшыларының бірі. Павлодарлықтар сапында ол 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 

"Ертіске" дейін 32 жастағы жартылай қорғаушы өз отанында "Санта-Мария", "Тирсенсе", "Фейренси" командаларында және болгарияда "Черноморец" пен "Славия" сапында ойнады. 
Жаңалықтар