Футбол
24 ақпан 2020 16:47

"Ертіс" дауға іліккен Васильевті спорт директоры етіп тағайындады

© "Ақтөбе" ФК
"Ертіс" футбол клубының жаңа спорт директоры болып ресейлік Дмитрий Васильев тағайындалды. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов хабарлады. 

"“Ertis” ФК ұжымына жаңа басшылықты таныстырдым. Нұрлан Ысқақов - директор, Дмитрий Васильев - спорттық директор қызметтерін атқарады", - деп жазыпты Сқақов.



Айта кетейік, Васильев бұрын "Ақтөбе" және "Жетісу" клубтарында қызмет атқарды, сондай-ақ, Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері болған. 

2016 жылы қарашада Васильев "Ақтөбе" бапкерлеріне, футболшылар мен өзіне заңсыз сыйақы тағайындағаны үшін ұсталған. Сот үкімімен ол үй қамағында болды. Содан кейін Васильевтің ісі бойынша облыстық спорт басшысы Ескендір Маханов ұсталған. 

2017 жылы Васильев сегіз жылға сотталды. Алайда кейін бұл жаза шартты түрге алмастырылды, ал 2018 жылы толық ақталып шықты. Осыдан кейін ол отанына қайтқан еді.