"Ертіс" бес бірдей ойыншысымен қош айтысты

"Ертіс" ФК
Павлодардың "Ертіс" футбол клубы бес бірдей ойыншысымен келісімшартын үзді. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.

Алдағы тур ойындарынан бастап Рохер Каньяс, Каспарс Дубро, Милан Мирославлев, Павел Шабалин мен Антон Цирин командада ойнамайды.

Келісімшарт тараптардың келісімі бойынша тоқтатылған.

Қазіргі таңда "Ертіс" премьер-лигадағы турнир кестесінде 14 ұпаймен 9-орында келеді. 
Метки: