Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Логвиненко әлем чемпионатының іріктеу ойындары аясында Финлияндияға қарсы кездесу туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
- Ойынға дайындық жақсы. Ертең біз осы іріктеуде өз алаңымыздағы соңғы кездесуді өткіземіз. Сол үшін жанкүйерлерді жақсы нәтижемен қуантамыз деген сенімдемін, - деп бастағы Логвиненко әңгімесін.
- Босниямен ойыннан кейін команданың атмосферасы қандай?
- Бұл ойыннан кейін екі күн ғана өтті. Біз жігіттермен сөйлестік. Ол ойынды ұмыту керектігін айттық. Ендігі басты мақсат Финляндияға қарсы жақсы ойнау.
- Ертеңге ойында қандай нәтиже біз үшін қолайлы болады?
- Тек жеңіс үшін ойнаймыз. Жеңіске жетсек, сол біз үшін оң нәтиже.
- Сіз Қазақстан құрамасында ең көп ойын өткізген ойыншылар тізімінде үшінші орынға көтерілуіңіз мүмкін. Бұл сіз үшін қаншалықты маңызды?
- Негізі мен ондай нәрселерге қатты мән бере бермеймін. Басты мақсатым - командаға көмектесу.