Ертең жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін - Мұхаммеджан Сейсен

Сурет: ҚФФ

2020 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Украина құрамалары арасындағы кездесудің алдында құраманың қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен сұқбат берді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

- Ертеңгі ойынға дайындық жақсы. Біз бір апта бойы дайындалдық. Ертең бұйырса жақсы ойын көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін. Ойынға жанкүйерлердің кіретіні де жақсы болды. Бізге жігер береді. 

- Мұхамеджан, қақпашылар арасындағы бәсекені қалай қабылдадыңыз? 

- Бәсеке болған жақсы. Мен жақсы қабылдадым. Стас Покатилов пен Игорь Шацкий өте тәжірибелі қақпашылар. Менің олардан үйренетінім көп. 

Еске салайық, Қазақстан мен Украина құрамалары арасындағы кездесу ертең, 1-қыркүйек күні "Астана-Арена" стадионында өтеді. Ойын 20:00-де басталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: