Эрлинг Холанд қандай тағамды көп жейтінін айтты
"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд қандай тағамды көп жейтінін айтты, деп жазады "Р-Спорт".
"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд қандай тағамды көп жейтінін айтты, деп жазады "Р-Спорт".
"Көптеген адамдар ондай тағамды жей бермейді. Бірақ мен денсаулығыма қатты мән беремін. Адамдар етті зиян деп жатады. McDonald’s-ғы етті айтып тұрсыз ба? Әлде көз алдыңызда жайылып жүрген сиырдың еті ме? Өз басым жүрек пен бүйректі көп жеймін", - дейді футболшы "Холанд. Маңызды шешім" деп аталатын деректі фильмді түсіру кезінде.
Белгілі болғандай Холанд күнделікті 6000 калорий болатын ас ішеді. Сонымен қатар, күні бойы фильтрлендірілген су ішеді екен.
Еске салайық, Норвегия құрамасының шабуылшысы 2022 жылдың жаз айында "Манчестер Сити" сапына ауысты. Ол осы уақыт аралығында 13 матчта 20 гол салды.
Жарнама