Дортмундтық "Боруссияның" шабуылшысы Эрлинг Холанд жақын күндері "Манчестер Ситидің" ойыншысы атанады. Бұл туралы журналист Николо Скира өзінің Twitter парақшасында жазды.
Дереккөздің хабарлауынша, тараптар өткен аптада 21 жастағы норвегиялық шабуылшының трансферіне қатысты мәмілені аяқтаған.
Холанд "Боруссияға" 2020 жылдың басында қосылды. Содан бері дортмундтық клуб үшін Холанд 88 матчта 85 гол соғып, 23 нәтижелі пас берді.