Футбол
30 қараша 2022 21:49
 

Ерлердің әлем чемпионатында алғаш рет әйел адам қазылық етеді

  Пікірлер

blog.share

Ерлердің әлем чемпионатында алғаш рет әйел адам қазылық етеді ©FIFA

Франциялық Стефани Фраппар ерлер арасындағы әлем чемпионатының матчында бас төреші қызметін атқаратын алғашқы әйел атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ФИФА-ға сілтеме жасап.

blog.share

Франциялық Стефани Фраппар ерлер арасындағы әлем чемпионатының матчында бас төреші қызметін атқаратын алғашқы әйел атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ФИФА-ға сілтеме жасап.

Ол 1 желтоқсанда өтетін Германия мен Коста-Рика құрамалары арасындағы топтық кезеңнің 3-турындағы ойынға тағайындалды. Оның көмекшілері мексикалық Карен Диас пен бразилиялық Нойса Бак болады.

Фраппарт 2019 жылы "Ливерпуль" мен "Челси" арасындағы УЕФА Суперкубогының матчына қазылық етіп, УЕФА ерлер арасындағы ірі турнирінде қызмет еткен тұңғыш әйел төреші атанған. Сондай-ақ, ол Франция чемпионаты мен Чемпиондар лигасының матчтарына төрелік еткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!