Еркебұлан Сейдахмет Қазақстанның жастар құрамасына шақырту алды

Сурет: "Қайрат" ФК

"Қайрат" шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан жастар құрамасына шақыртылды. Бұл өзге бірнеше ойыншы жарақат алуына байланысты болды, деп хабарлайды Vesti.kz ҚФФ сайтына сілтеме жасап.

Еуро-2023 іріктеу матчіне "Ақтөбенің" жартылай қорғаушысы Максим Самородов пен  "Ақсу" шабуылшысы Мирас Тұрлыбек қатыса алмайды.

Олардың орнына Сейдахмет пен "Шахтер" ойыншысы Иван Свиридов ұлттық командаға шақырту алды.

Еске салайық, Қайрата Нұрдәулетов жаттықтыратын команда 7 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Данияның жастар құрамасымен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport