auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Ергежей". Желіде "Барселона" басшыларының Мессиді балағаттаған хаттары тарады

"Ергежей". Желіде "Барселона" басшыларының Мессиді балағаттаған хаттары тарады
©Reuters

Каталония полициясы "Барселонадағы" жосықсыз басқару және сыбайлас жемқорлық туралы тергеу жүргізіп жатыр, бұл кезеңде клуб президенті Жозеп Бартомеу болды, деп хабарлайды Sports басылымы.

Құқық қорғау қызметкерлері "Барселонаның" бұрынғы президенті Жозеп Мария Бартомеудің, "Барселонаның" бұрынғы атқарушы директоры Оскар Граудың және клубтың заң департаментінің бұрынғы директоры Роман Гомес Понтидің хат-хабарларына қол жеткізді.

Үшеуі футболшылардың келісімшарты туралы мәліметтерді біріктіруге ниетті деген күдікке ілінді. Сонымен қатар, дәлелдердің арасында Понтидің Бартомеуге 2020 жылғы наурызда жіберген электрон хаты бар. Хабарламада директор клубтың жалақысын төмендету үшін "түбегейлі шаралар" қабылдауды ұсынды.

"[Бұқаралық ақпарат құралдарына] бірінші команда ойыншыларының миллион тұратын келісімшарттарын [халықтың қысымымен футболшылар олардан бас тартуы үшін] беріп жіберсек жақсы болар еді", – делінген хатта.

Бір қызығы, 2021 жылғы қаңтарда el Mundo басылымы Лионель Мессидің 4 жыл ішінде 500 миллион еуродан аса табыс тапқаны туралы жазды. Келесі жылы Жерар Пике 4 маусымда келісімшарт бойынша 100 миллион еуродан артық алуы керек екені белгілі болды.

Материалға Понтидің Бартомеу жазған тағы бір хаттың мәтіні қоса берілген. Онда ол Месси туралы жауап берді.

"Барто, бұл кәріз егеуқұйрығымен жақсылық жасауға болмайды. Клуб оған бәрін берді және ол трансферлердің, жаңартулардың, демеушілердің диктатурасын орнатты. Ең бастысы, ол бопсалады және дөрекі болды, бұдан клуб пен қызметкерлер зардап шекті. Мұның бәріне гормондағы ергежей кінәлі, ол өмір бойы "Барсаға" қарыз". 

Понтидің Чемпиондар лигасында "Барселонаның" "Бавариядан" 2:8 есебімен жеңілгеннен кейін жазған хаты да баспасөзге түсті. Ол Пикенің "Барсаға барлық деңгейде өзгеріс қажет" деген сөздеріне: "Мұндай нәрсені айту үшін принципі жоқ [*****] ұл болуың керек", - деді адвокат.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама