Италияның С сериясында "Модена" мен "Имолезе" арасындағы матчта ерекше гол соғылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
90+1 минутта алаң иелерінің голкипері Риккардо Ганьо өз қақпасынан допты ойынға қосамын деп қарсы беттегі қақпаға дәл тепті. Нәтижесінде Ганьо жеңіс голының авторы атанды. Қорытынды есеп 2:1. Осылайша, маусым соңына дейін маңызды кездесуде үш ұпай алып, "Модена" турнир кестесінде бірінші орнын сақтап қалды.