Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған футболдан ел құрамасын Еуропа чемпионатының 1/4 финалына жеткенімен құттықтады.
1/8 финал матчінде түріктер Аустрия құрамасын ұтты.
"Ұлттық құрамамызды Аустрияны ұтып, Еуропа чемпионатының ширек финалына жетуімен шын жүректен құттықтаймын.
Чемпиондыққа таласта біздің жігіттерге сәттілік тілеймін", - деп жазыпты Эрдоған твиттер желісінде.