Ер адамға жараспайды. Мессидің ерсі әрекетінің видеосы тарады

©football24.ua

Желіде Лионель Месси мен Ваут Вегорст арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Оқиға 2022 жылғы әлем чемпионатының Аргентина мен Нидерланды арасындағы ширек финалдық матчтен кейін болған, деп хабарлайды Vesti.kz.

Видеодан Нидерланды құрамасының шабуылшы Мессиге қол созғанын көруге болады, алайда Лео оның қолын алмақ түгілі: "Не қарайсың, есалаңсың ба? Жоғал әрмен" деп өтіп кетті.

Ойын кезінде футболшылар бірнеше рет жанжалдасып қалған болатын. Дегенмен голландиялық ойыншы матчтен кейін Мессидің қолын алып, татуласпақ болған. 

"Оны күтіп тұрдым, қолын алмақ болдым. Мен оны футболшы ретінде қатты сыйлаймын. Ал ол болса осылай істеп тұр. Бұл құрметсіздік, көңілім қалды". 

Еске салайық, ӘЧ-нің 1/4 финалында Аргентина Нидерландыны пенальти сериясында ұтқан болатын (2:2 және 4:3).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport