Энцо Фернандестің трансферлік құны ӘЧ-дан кейін төрт есеге дейін өсті

21 желтоқсан 2022 13:41
©Энцо Фернандестің парақшасынан

Энцо Фернандес қысқы трансферлік маусымда "Бенфикадан" кетуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

21 жастағы Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Қатардағы әлем чемпионатынан кейін Еуропаның белді клубтарының біріне ауысуы мүмкін. Қазірдің өзінде оған ПСЖ, "Реал", "Барселона", "Атлетико", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Тоттенхэм", "Челси", "Арсенал" мен "Интер" командаларының басшылары қызығушылық танытуда.

Қатардағы мундиальдың ең үздік жас ойыншысы атанған Фернандестің әлем біріншілігіне дейінгі трансферлік құны 35 миллион еуроны құраса, қазір 120 миллионға өсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport