Енді ең қымбат футболшы емес. Исламханды команадаласы сырғытты

© "Қайрат" ФК
Transfermarkt Қазақстан премьер-лигасының нарықтық бағаларын жаңартты. Осылайша, "Қайрат" капитаны Бауыржан Исламхан екінші орынға сырғып, клубтың ең қымбат футболшысы болмай қалды. 26 жастағы хавбек 2,3 миллион еуродан екі миллионға дейін арзандады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші орыннан оны 27 жастағы украиналық форвард Адеринсола Эсеола сырғытып тастады. 11 голы бар биылғы ҚПЛ-дің үздік бомбардирінің құны 2,5 миллион еуроға шарықтады, былтыр алматылық клубқа келмей тұрып футболшының құны 800 мың болған, қыста 1,7 миллион болды.

"Қайраттың" ең қымбат футболшыларының үштігінде 26 жастағы жартылай қорғаушы Исламбек Қуат, оның нарықтағы бағасы өзгеріссіз - 1,8 миллион еуро.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан чемпионатының 14 туры өтті, оның қорытындысы бойынша "Қайрат" үшінші келеді, "Астанадан" жеті ұпай қалып отыр.

15-ші тур ойындары 23 маусымда өтеді. Бұл күні "Қайсар" - "Тараз", "Ертіс" - "Шахтер", "Атырау" - "Ақтөбе", "Тобыл" - "Оқжетпес", "Қайрат" - "Жетісу", "Ордабасы" - "Астана". 
Жаңалықтар