Ең ұзақ жол. ПСЖ Чемпиондар лигасында антирекорд жасады

Сурет: UA-Football
Чемпиондар лигасының жартылай финалында "РБ Лейпциг" командасын ұтқан (3:0) "Пари-Сен Жермен" турнирдегі антирекордтың бірін жаңартты. 

ПСЖ Чемпиондар лигасында 110 матч өткізіп, алғаш рет финалға шықты. Бұл жарыс тарихындағы финалға дейінгі ең ұзақ жол болды. 

Бұған дейінгі мұндай антирекорд "Арсеналда" болған - 1971 мен 2006 жыл аралығында 90 ойын. 2005/06 маусымында финалға шыққанымен лондондық клуб "Барселонадан" 1:2 есебімен ұтылған еді. 

Жаңалықтар