"Ең үлкен сатқындық". Месси "Барселонадан" кетем деп ауыр сынға қалды

Сурет: SportArena
Испаниялық журналист Эду Агирре "Барселонадан" кеткісі келгені үшін аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді сынға алды, - деп хабарлайды "Чемпионат".

"Мен үшін Месси футбол тарихында ең үлкен сатқындық жасап отыр. Месси "Барселонадан" кетіп, батып бара жатқан кемеден қашып барады. Ол қазір кетпеу керек еді. "Барселона" жанкүйерлері мұндайға лайық емес", - деп береді Агирренің сөзін Marca.

Мессидің "Барселонамен" келісімшарты 2021 жылдың 3 маусымына дейін есептелген. 

Месси "Манчестер Ситимен" 700 миллионға жеке келісімшартты мақұлдады