Ең қымбат қазақстандық ойыншы. Бахтиердің мәскеулік клубқа ауысқаннан кейін трансферлік құны өзгерді

Бахтиер Зайнутдинов. Сурет: Александр Федоров/"СЭ"©

Transfermarkt порталы Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдиновтың трансферлік құнын жаңартты, дегенмен, онда ешқандай өзгеріс болмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәскеулік ЦСКА сапында ойнайтын Бахтиердің трансфері 3,5 миллион еуроға бағаланып отыр. Осылайша, ол Ресей премьер-лигасындағы ең қымбат қазақстандық футболшы болып отыр. 

РПЛ-дің өткен маусымында Зайнутдинов 22 матчте бір гол салып, бір нәтижелі пас берді. Алайда жарақат салдарынан маусымның бір бөлігін ойнамады. 

23 жастағы Бахтиер ЦСКА сапына 2020 жылдың тамызында өткен. Мәскеулік клуб пен футболшы арасындағы келісімшарт 2025 жылға дейін жасалған.

Transfermarkt мәліметінше, мәскеуліктер Зайнутдиновтың трансфері үшін "Ростовқа" екі миллион берген. Ал оған дейін футболшы "Тараз" бен "Астана" сапында өнер көрсеткен.