1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Бүгін 12:30
 

Ең қымбат футболшылар рейтингі жаңарды: "боқмұрын" көш басында

  Пікірлер

blog.share

Ең қымбат футболшылар рейтингі жаңарды: "боқмұрын" көш басында ©

Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES) әлемдегі ең қымбат футболшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES) әлемдегі ең қымбат футболшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізімге 100 ойыншы енген. Олардың трансферлік құны CIES ұйымының жеке статистикалық моделі негізінде есептелген.

Ямаль әлемдік рейтингте көш бастады

Әлем футболындағы ең қымбат ойыншы атанған – испаниялық жас талант Ламин Ямаль. "Барселонаның" 18 жастағы вингерін мамандар 358,1 миллион еуроға бағалаған.

Ямаль – "Барселона" академиясының түлегі. Ол негізгі команда сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 2025/26 жылғы маусымда испаниялық футболшы клуб деңгейіндегі барлық турнирде 45 матчқа қатысып, 24 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ каталониялық клубтың Ла Лига чемпионы атануына көмектесті.

Холанд пен Мбаппе үздік үштікте

Екінші орынға "Манчестер Ситидің" норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холанд жайғасты. Оның трансферлік құны 227,3 миллион еуроға бағаланған.

Ал үздік үштікті мадридтік "Реалдың" франциялық шабуылшысы Килиан Мбаппе түйіндеді. Оның бағасы – 165,7 миллион еуро.

CIES нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат 20 футболшы:

1. Ламин Ямаль ("Барселона") – 358,1 миллион еуро;
2. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити") – 227,3 миллион еуро;
3. Килиан Мбаппе ("Реал") – 165,7 миллион еуро;
4. Майкл Олисе ("Бавария") – 140,5 миллион еуро;
5. Морган Роджерс ("Астон Вилла") – 136,8 миллион еуро;
6. Дезире Дуэ ("Пари Сен-Жермен") – 133,2 миллион еуро;
7. Кенан Йылдыз ("Ювентус") – 133 миллион еуро;
8. Нико О'Райли ("Манчестер Сити") – 125 миллион еуро;
9. Арда Гүлер ("Реал") – 124,8 миллион еуро;
10. Пау Кубарси ("Барселона") – 124,6 миллион еуро;
11. Флориан Вирц ("Ливерпуль") – 124,1 миллион еуро;
12. Педри ("Барселона") – 120,6 миллион еуро;
13. Джуд Беллингем ("Реал") – 120,3 миллион еуро;
14. Ян Диоманд ("РБ Лейпциг") – 118,7 миллион еуро;
15. Уго Экитике ("Ливерпуль") – 118,3 миллион еуро;
16. Жоау Невеш ("Пари Сен-Жермен") – 117,1 миллион еуро;
17. Фермин Лопес ("Барселона") – 115,9 миллион еуро;
18. Эстевао ("Челси") – 113,4 миллион еуро;
19. Дин Хёйсен ("Реал") – 112 миллион еуро;
20. Букайо Сака ("Арсенал") – 111,2 миллион еуро.

Айта кетейік, Коул Палмер ("Челси", 110,6 миллион еуро) 21-орынға жайғасса, Хулиан Альварес ("Атлетико", 109,6 миллион еуро) 22-орында тұр. Ал Хвича Кварацхелия ("Пари Сен-Жермен", 100,9 миллион еуро) 26-орынды иеленсе, Винисиус Жуниор ("Реал", 83,8 миллион еуро) 50-сатыдан көрінді.


CIES футболшылардың нарықтық құнын өзінің күрделі статистикалық моделі арқылы есептейді. Бағалау барысында ойыншының спорттық көрсеткіштері, жасы, келісімшартының мерзімі, қазіргі формасы, клуб пен ұлттық құрамадағы статистикасы, сондай-ақ нарықтағы экономикалық факторлар ескеріледі.

Ламин Ямаль бұл рейтингте қатарынан екінші рет көш бастап отыр. Өткен жылы да испаниялық футболшы әлемдегі ең жоғары бағаланған ойыншылар тізімінде бірінші орын алған еді. Алайда бұл жолы оның трансферлік құны аздап төмендеген. Өткен жылғы рейтингте "Барселона" талантын мамандар 402,3 миллион еуроға бағалаған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!