Ең қымбат футболшы ПСЖ-мен келісімшартты қанша уақытқа жасағаны айтылды

13 қыркүйек 2022 15:00
©ПСЖ ФК

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппенің ПСЖ командасымен жаңа келісімшартын қанша уақытқа жасағаны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі L'Equipe басылымына сілтеме жасап. 

23 жастағы шабуылшының ПСЖ командасымен жаңа келісімшарты екі жылға, жасалған. Екі тарап келісіп жатса бұл келісімшартты тағы бір жылға ұзартуға болады. 

Еске салайық, жазда Мбаппеге "Реал" командасы қатты қызыққан болатын. Бірақ мамыр айының соңында шабуылшы ПСЖ командасымен жаңа келісімшарт жасады. Биыл Мбаппе жеті кездесу өткізіп, тоғыз голдың авторы атанды. 

Transfermarkt нұсқасы бойынша Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшы. Портал оны 160 миллион еуроға бағалап отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар