Ең қымбат футболшы мен Неймар арасындағы кикілжіңге нүкте қойылды

©TWITTER.COM/SQUAWKANEWS

"Пари Сен-Жерменнің" жұлдызды шабуылшылары Неймар мен Килиан Мбаппе арасындағы жанжал басылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Журналист Адриан Греньенің мәліметінше, жағдайға клуб директоры Лукас Кампос араласып, футболшыларға екеуінің текетіресі командаға зиян келтірмеу керегін, ал кез келген түсініспеушілікті бірге шешу керегін түсіндіріпті. Осыдан кейін ойыншылар арадағы қайшылықты тоқтататындарын айтқан екен. 

Мбаппе ПСЖ басшылығын Неймардан құтылуға шақырды

Франция чемпионатының екі турынан кейін ПСЖ алты ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Одан кейін екі ұпай кем жинаған"Лилль", "Марсель", "Тулуза", "Ланс" және "Монако" тұр.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport