Ең көп табысты футболшылар тізімі жарияланды

©globallookpress.com

Әлемде ең көп табыств футболшылар тізімі жарияланды, деп жазады Vesti.kz тілшісі Forbes журналына сілтеме жасап.

Рейтингте ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе көш бастады. Ол 2022/23 жылғы маусымда 128 миллион доллар таппақ. Оның ішінде 110 миллионы клубтан алатын айлығы болса, қалған 18 миллион долларды жарнамадан табады.

Екінші орында Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси (120 миллион доллар: 65 миллион, +55 миллион) тұр.

Үздік үштікті Манчестер Юнайтед форварды Криштиану Роналду (100 миллион доллар: 40 миллион +60 миллион) түйіндеді.
Төменде үздік ондыққа кірген футболшылар:

4. Неймар (ПСЖ) - 87 миллион доллар (55 миллион + 32 миллион);
5. Мұхамед Салах ("Ливерпуль") - 53 миллион (35 миллион + 18 миллион);
6. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити") - 39 миллион (35 миллион + 4 миллион);
7. Роберт Левандовски ("Барселона") - 35 миллион (27 миллион + 8 миллион);
8. Эден Азар ("Реал") - 31 миллион (27 миллион + 2,5 миллион);
9. Андрес Иньеста ("Виссел Кобе") - 30 миллион (25 миллион + 5 миллион);
10. Кевин Де Брюйне ("Манчестер Сити") - 29 миллион (25 миллион + 4 миллион).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport