Ең кеш гол. Иран құрамасы Уэльстен жеңісті жұлып алды

©FIFA

Футболдан әлем чемпионатының екінші турын В тобындағы Уэльс пен Иран матчі ашты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бірінші турда Иран АҚШ-пен тең түссе, Иран Англиядан 2:6 есебімен жеңіліп қалған болатын. 

Ал 2-тур матчінде Иран футболшылары 16-минутта есеп ашқан. Бірақ Әли Голизаде офсайдта қалып, гол есепке алынбады.

Кейін Иран футболшылары бір шабуылда допты екі рет бағанаға тигізді - бірақ гол соға алмады.

Еуропалық құрама қарсыласқа мардымды жауап бере алмады, ирандықтар шабуылда өткір ойнады. Кездесудің 86-минутында Уейн Хеннесси ойын тәртібін бұзғаны үшін алаңнан қуылып, Уэльс құрамасы 10 ойыншымен қалды. Бұл биылғы әлем чемпионатындағы алғашқы қызыл қағаз болды.

Соған қарамастан, Иран футболшылары қанша шабуылдағанымен гол соға алмады. Ал шешуші сәт 99-минутта болды. Қорғаушы Рузбех Чешми ойын соңында гол соғып, Иранды алға шығарды.

Ал 101-минутта ирандықтар жылдам шабуыл жасап, екінші голын соқты. Қарымта шабуыл кезінде Рамин Резаян матч нүктесін қойды - 2:0. 

Осы кездесуден соң екі команданың да плэй-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі сақтаулы. Иранда үш, Уэльсте бір ұпай бар.

В тобының шешуші ойындары 29 қарашада өтеді. Уэльс пен Англия, Иран мен АҚШ құрамалары күш сынасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: