Ең жоғарының бірі. Эрлинг Холандтың айлығы айтылды

13 қыркүйек 2022 17:28
©"Манчестер Сити" ФК

"Манчестер Сити" командасының норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холанд ағылшындық команда сапында ең көп жалақы алатын футболшылардың тізімінде екінші орында, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

22 жастағы шабуылшы аптасына 433 мың еуро, ал жылына 22,5 миллин еуро жалақы алады. 

"МС" сапында Холландтан көп жалақы Кевин Де Бюрйнеде. Ол 2021 жылы жасаған жаңа келісімшарты бойынша аптасына 462 мың еуро алып отырады. 

Еске салайық, "Манчестер Сити" сапында өткізген сегіз ойында Холланд 12 гол соқты. Оның ағылшындық командамен келісімшарты 5 жылға жасалған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: