Футбол
9 қараша 2020 14:51

"Ең жаман жағдайда бас сүйегі сынуы мүмкін". Жарақат алған Қазақстан құрамасы ойыншысының жағдайы айтылды

Бахтиер Зайнутдинов. Сурет: ЦСКА©

Sports.ru порталының медициналық блогері Артем Рыженко Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдиновтың Ресей премьер-лигасының 14-го турындағы ЦСКА - "Ростов" матчіндегі жарақатына қатысты пікір білдірді (ресми диагноз кейін белгілі болады).

Ойын басталарда Зайнутдинов қарсылас футболшының тізесіне басын соңып, есінен танып қалды. Кейін оны алаңнан зембілмен көтеріп алып кеткен еді.

"Миы шайқалған болар. Ең жаман жағдайда бас сүйегі де сынып кеткен болуы мүмкін, бірақ, олай емес шығар. Миы шайқалған болар. Жағдайына қарай - бірнеше күн тынығу керек. Кейін ақырындап оралады", - дейді Рыженко.