Ең арзан. Қазақстан құрамасы В лигасының соңғы орнында

29 қыркүйек 2022 03:21
©ҚФФ

Жуырда футболдан УЕФА Ұлттар лигасының ойындары мәресіне жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

С лигасының үшінші тобында бірінші орын алған Қазақстан құрамасы келесі жылғы турнирде В лигасында өнер көрсетеді. Трансфермаркет сайтының ресми мәліметіне сүйенсек, В лигасының ең қымбат ойыншылары Англия командасында екен.

1. Англия - 1,34 миллиард еуро
2. Норвегия - 335 миллион
3. Түркия - 259,8 миллион
4. Аустрия - 240,7 миллион
5. Чехия - 189,45 миллион
6. Украина - 182,7 миллион
7. Уэльс - 151,05 миллион
8. Грекия - 127 миллионо
9. Ирландия - 111,45 миллион
10. Словения - 99,45 миллион
11. Албания - 80,5 миллион
12. Черногория - 55,2 миллион
13. Грузия - 54,18 миллион
14. Финляндия - 37,4 миллион
15. Исландия - 26,2 миллион
16. Қазақстан - 18,15 миллион.

Бір қызығы, 2002 жылы УЕФА-ға мүше болғалы "қаршығалар" В лигасына кірген елдердің ішінде тек Норвегия, Уэльс және Словения командаларымен кездеспеген.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport