Еліміздегі белді клубтардың бірі Қазақстан чемпионатына қатыспайды

©pflk

"Ордабасы" клубы жаңа футбол маусымында қаржы тапшылығына байланысты ел чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz сайты.

"Клубтың салық ұйымдарының алдында бірнеше айдан бері берешектері жиналып қалған. Сонымен қатар, айлық беру мәселесінде қиындықтар туындап отыр. Енді шымкенттіктердің орнына қарыздарынан қысқа уақытта толыққанды құтылуды көздейтін "Оқжетпес" клубы Премьер-лигада ойнауы мүмкін.

ҚПЛ-да "Ордабасының" орнына қызылордалық "Қайсардың" да шығу мүмкіндігі бар, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Ордабасыдан" Түркістанның "Тұран" командасына Еркебұлан Тұңғышбаев, Абдуллай Диакате, Бекхан Шайзада және басқа ойыншылары ауысуы мүмкін деген ақпарат бар.

Еске салайық, ҚПЛ-2021 маусымын "Ордабасы" бесінші орында аяқтады.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар