Ақтаудың "Каспий" клубы ҚПЛ-2026 чемпионатының тоғызыншы турында сырт алаңда семейлік "Елімайды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Семей клубы биылғы маусымдағы алғашқы ойынын өз стадионында өткізді. Жанкүйерлердің қолдауы және фаворит мәртебесіне қарамастан, "Елімай" қонақтарға 0:1 есебімен ұтылды.
Кездесудегі жалғыз голды 77-минутта Ноа Ндомбази соқты. Ол алаң иелерінің қорғаушыларынан сытылып шығып, мүмкіндігін сәтті пайдаланды.
Осылайша, "Каспий" жеті ұпай жинап, турнир кестесінде соңғы 16-орыннан 12-сатыға көтерілді.
Ал "Елімайдың" еншісінде 13 ұпай бар, команда КПЛ-2026 турнирлік кестесінде бесінші орында тұр.
Келесі турда "Елімай" сырт алаңда "Ертіспен" кездеседі. Матч 16 мамыр күні өтеді. Сол күні "Каспий" сырт алаңда "Ұлытаумен" ойнайды.