1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Бүгін 20:58
 

"Елімайдың" ҚПЛ-2026 аутсайдерімен матчі сенсациямен бітті

  Пікірлер

blog.share

"Елімайдың" ҚПЛ-2026 аутсайдерімен матчі сенсациямен бітті ©"Елімай" ФК

Ақтаудың "Каспий" клубы ҚПЛ-2026 чемпионатының тоғызыншы турында сырт алаңда семейлік "Елімайды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ақтаудың "Каспий" клубы ҚПЛ-2026 чемпионатының тоғызыншы турында сырт алаңда семейлік "Елімайды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Семей клубы биылғы маусымдағы алғашқы ойынын өз стадионында өткізді. Жанкүйерлердің қолдауы және фаворит мәртебесіне қарамастан, "Елімай" қонақтарға 0:1 есебімен ұтылды.

Кездесудегі жалғыз голды 77-минутта Ноа Ндомбази соқты. Ол алаң иелерінің қорғаушыларынан сытылып шығып, мүмкіндігін сәтті пайдаланды.

Осылайша, "Каспий" жеті ұпай жинап, турнир кестесінде соңғы 16-орыннан 12-сатыға көтерілді.

Ал "Елімайдың" еншісінде 13 ұпай бар, команда КПЛ-2026 турнирлік кестесінде бесінші орында тұр.

Келесі турда "Елімай" сырт алаңда "Ертіспен" кездеседі. Матч 16 мамыр күні өтеді. Сол күні "Каспий" сырт алаңда "Ұлытаумен" ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!