Қазақстан құрамасының вингері Ғалымжан Кенжебектің жаңа командасымен жасасқан қаржылық келісімінің егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Жыл қорытындысы бойынша елдің үздік жартылай қорғаушысы Станислав Черчесовтің командасымен келісімшарттың барлық тұстарын талқылаған, алайда, әзірге оған қол қоймапты. Менің мәліметімше, грозныйлық клубта Годи (Ғалымжан Кенжебек – Vesti.kz) "Елімай" клубымен салыстырғанда бес есе көп айлық алады. Трансферлерде кез келген жағдай болуы мүмкін, бірақ, Годиге РПЛ-де мансабын сәтті жалғастырып, әрі қарай дамуын тілеу керек сияқты", - деп жазады журналист Елдар Аманбаев.
Өткен маусымда Қазақстан премьер-лигасында (КПЛ) Кенжебек "Елімай" сапында 11 матч өткізіп, алты гол соқты және төрт нәтижелі пас беріп, команда көшбасшыларының біріне айналды.
Бұған дейін Кенжебек карьерасын грозныйлық "Ахматта" жалғастыру туралы шешім қабылдағаны белгілі болған еді, бұл клубта Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов ойнайды, ал команданы ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады.
Жарнама