"Елімай"? Смаков Исламханның болашағына қатысты пікір білдірді

16 желтоқсан 2022 18:06
©ҚФФ

"Елімай" клубының бас бапкері Самат Смаков Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның семейлік командаға ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Исламхан бірінші лигаға келмейді. Ол алаңға екі жыл шықпаса да деңгейін жоғалтқан жоқ. "Елімайға" келуі үшін оның айлығы жақсы болу керек. Сондықтан бізге келеді деп ойламаймын", - дейді Смаков.

Еске салайық, Бауыржан Исламхан допинг дауына қатысты екі жылдық үзілістен кейін қараша айында үлкен футболға қайта оралды. Ұлттық құрама сапында Өзбекстан мен БАӘ қарсы жолдастық матчта алаңға шықты.

Қазіргі таңда жамбылдық ойыншыға "Ақтөбе" мен "Қайрат" клубтары қызығушылық танытуда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport