Бүгін, 9 шілдеде семейлік "Елімай" өз тарихындағы алғашқы еурокубоктық матчын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Андрей Карпович жаттықтыратын команда УЕФА Конференциялар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Арменияның "Алашкерт" клубымен кездеседі.
Кездесу Ереванда өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады. Матчтың тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасында 20:50-де басталады. Сондай-ақ ойынды арнаның ресми сайтынан да көруге болады.
Қарымта кездесу 16 шілдеде Қазақстанда өтеді.
Айта кетейік, Конференциялар лигасы іріктеуінде Қазақстанның тағы бір өкілі – елордалық "Астана" Албанияның "Динамо Сити" командасымен кездеседі. Бұл ойын Эльбасан қаласында өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Еске салайық, бір күн бұрын алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасы іріктеуінің алғашқы матчында өз алаңында Черногорияның "Сутьеска" клубын 2:1 есебімен жеңген болатын.
Жарнама